Қызылордадағы түзеу мекемесінде отырған журналист, белсенді Думан Мұхаммедкәрім былтырғы желтоқсаннан бері әуелі бір апта, одан кейін бір ай, екі ай, соңғы рет 4 ай тәртіп изоляторына қамалған. Кейінгі төрт айда алғаш рет оған кіріп шыққан адвокат Ғалым Нұрпейісовтен Азаттық тілшісі сұхбат алды.